26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда алаяқ мемлекет атынан азаматтарға жер алып беруге уәде берген

10 шілде 2017 Қаралым: 2 516 Қылмыс
Алматыда алаяқ мемлекет атынан азаматтарға жер алып беруге уәде берген

Алматы. 10 шілде. Ақпараттар орталығы. Алматыда азаматтарға мемлекет атынан жер алуға көмектесемін деп жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ол өзін жер комитетінің жауапты қызметкерімен деп таныстырып, мемлекет атынан қызмет көрсетіндігін айтып жүрген. 

"Сенімді болуы үшін 1972 жылғы Белгібаев Амантай қолдан жасалған құжаттарды көрсетіп, әлеуетті құрбандарын алдаған. Ол жер алғысы келетін азаматтарды көшелерде, адамдар көп шоғырланған жерлерден іздестіріп жүрген. Өзін ол Талған Орланұлымын деп таныстырған. Алаяқ құрбандарын мемлекеттен 8 сотық жерді алуға болады деп сендіріп баққан. Ол өз қызметін Т20-30 мың мөлшерде деп бағалап отырған», - деді Наурызбай аудандық ІІБ бастығы Дәурен Өтебаев дүйсенбі күні.

​


«Қазір күдікті осындай 30 оқиға болғанын айтады. Оның құрбандарының тізімі артуы мүмкіндігін теріске шығармаймыз», - деді Д. Өтебаев.

Қазірге А. Белгібаев қамауға алынған.

Тағы оқыңыз