29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда банк тонаған деген күдікпен екі адам ұсталды

1 шілде 2017 Қаралым: 2 701 Оқиға
© Sputnik / Данияр Дауталиев
Фото: © Sputnik / Данияр Дауталиев

Алматы. 1 шілде. Ақпараттар орталығы. Алматыда банк тонаған деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізу барысында осы қаржы мекемесінің бұрынғы және қазіргі қызметкерлері ұсталды. Соңғысы дәлдеушінің рөлін атқарған», - деді А. Садубаев сенбіде.

Тергеу нұсқасы бойынша, белгісіз біреу, кілттерді алып, банк қоймасына кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, Т65 млн 300 мың сома қаржыны иемденген.

Ұсталғандардан пневматикалық тапанша, электронды кіру құжаты және толық көлемде ұрланған қаржы тәркіленді.

Еске салсақ, өткен сейсенбіде «Арай» ТК –де орналасқан «Альфа банк» АҚ ЕБ банкін тонаған. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, Бостандық ауданы ІІБ-де жедел-тергеу тобы құрылды.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз