26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда самбодан әлемдік жарыс өтеді

22 қаңтар 2015 Қаралым: 1 038

24-25 қаңтар аралығында Алматыда Самбоның 2015 жылғы әлемдік күнтізбеcінің спорттық шаралары басталады, — деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін» ерлер мен әйелдер арасында спорттық самбодан Әлем Кубогінің Этапы Абай даңғылы 44, Байтұрсынов көшесімен қиылысында орналасқан Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

2015 жылғы Әлем Кубогінің Этаптарына қатысу үшін жақын және алыс 25 шетелден өтініш түсті, алқалы жарысқа қазақстандық самбошыларды қосып есептегенде 400 спортшы қатысады деп күтілуде.