Аномальды аяздардан кейін Қазақстанда күн жылиды
Алматы. 23 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Атлантикалық жылу аномальды аязды ығыстырады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Қазақстанның көптеген облыстарында қар жаудыртқан циклон, Алтайға қарай жылжып барады. Оның ту сыртынан, климаттық нормадан 8-15ºС төмен температурасы бар аномальды суық ауа-райы байланысты болған, антициклон кеңінен орын алуда", — деп хабарлады синоптиктер.
Бірақ осы жексенбіде-ақ атлантикалық ауа массасының қысымынан республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы аяз кейін шегініп, республиканың қалған аумағында келесі аптаның басында температураның көтерілуі күтілуде.


