АҚШ президенті Астанадағы ЕХРО ашылуына келе алмайды
Астана. 10 мамыр. Ақпараттар орталығы. АҚШ президенті Дональд Трамп жұмыс кестесінің тығыздығы себепті Астанадағы ЕХРО-2017-нің ашылуына келе алмайды, деп хабарлады Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Кролға сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Біз әзірге делегация құрамын бекіте алмай отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, көрме 10 маусымда ашылады. (...) Бірақ біздің президент қатыса алмайды - кестесі тығыз. Ашылу рәсіміне шағын өкілдіктеріміз қатысады. Әрине, мен де боламын. Бәлкім, АҚШ мемдепартаментінің жекелеген әріптестер болар. Әр түрлі адамдар қатысады, ғалымдар, конгресмендер мен сенаторлар», - деді Д.Крол елшілікте сәрсенбі күні өткен брифингте.
Ол, дегенмен көрмедегі американдық павильонның барлық қыр-сырларын ашып жатпады.
«Ол құпия. Бәлендей мүлтіксіз демеймін, бірақ қызық болады. Біздің павильонның ортасында театр болады. Онда біз аудиторияға фильм көрсетіп, шексіз энергия көзі туралы баяндаймыз. Музыка, би - экранда көрсетіледі», - деді елші.
Қорыта келгенде ол АҚШ өздеріне берілген павильон сапасына толығымен риза екенін айтты.
«Біз өте ризамыз. Бізде проблема жоқ», - деді Д.Крол.
Дереккөз: КазТАГ


