26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

АҚШ Қазақстанға ақысыз негізде әскери техника берді

8 апреля 2016 Қаралым: 1 294
АҚШ Қазақстанға ақысыз негізде әскери техника берді
Алматы. 8 сәуір. Ақпараттар орталығы. ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиапаркі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жоспарына сәйкес кезекті ұшатын аппарат UH-1H-II «Хьюи» тікұшағымен толықты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Хабарланғандай,бұл ақысыз негіздегі әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде жеткізілетін үшінші тікұшақ. Тікұшақтан басқа, сондай-ақ қосалқы бөліктер, агрегаттар, жинақтаушы және шығыс материалдары жеткізілді.

«Хьюи» тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

2006-2007 жылдары қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориялық және практикалық қайта жаттаудың толық курсынан өтті.

«Бұл тікұшақтар қарапайым және күрделі метеожағдайларда, күндіз-түні, жыл бойы пайдаланылады. Пайдалану кезеңінде қандай да бір істен шығу болған емес, техника сенімді», - деп атап өтті ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев.

UH-1H-II тікұшағы – бұл десантты (12 адамға дейін) және әртүрлі жүктерді тасымалдау, іздестіру-құтқару жұмыстарын (оның ішінде жүкшығырмен) орындау, әуеден барлау, жаралыларды көшіру үшін арналған Bell компаниясының жеңіл көп нысаналы әскери-көліктік тікұшағы болып табылады. Оның 1 800 жылқының күшіндей қуаттылығы бар. Т-53-L-703 бір қозғалтқышпен жабдықталған, сондай-ақ навигациялық және радиоэлектрондық қондырғының кешенімен жабдықталған. Барынша салмағы – 4 762 келі, барынша жылдамдығы – 240 км/с.