Ақтөбе тұрғыны жихадқа үндегені үшін 5 жылға сотталды
Алматы. 30 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Ақтөбе тұрғыны Аманғос Ирбулатовты жихадқа үндеген аудиожазбаларды әлеуметтік желі арқылы таратқаны үшін 5 жылға соттады, деп жазады Ақтөбе Таймс.
24-жасар ұялы телефондарды сатушы радикалдық діни мазмұндағы аудиожазбаларды «В Контакте» әлеуметтік желісінде жариялаған. 28 қыркүйекте оны «діни алауыздықты қоздыру» және «терроризмге шақырғаны» үшін қамауға алған.
Сотталғанның әкесінің айтуынша, А.Ирбулатов гандболдан «Қазхром» командасының жаттықтырушысының көмекшісі қызметін атқарған, жалақысы бар болғаны Т20 мың болған.
Басылым атап өткендей, сотталушы наркологиялық және психоневрологиялық есепте тұрған жоқ, бұрын сотталмаған. Сотта сотталушы өзі айыбын толығымен мойындап, жазаны жеңілдетуін сұраған.
Прокурор сотқа тартылып отырғанға мүлкін тәркілеп, 6 жыл 6 ай мерзім беруін сұрады. Сот ақтөбелік тұрғынды бес жылға соттады.
Дереккөз: Актобе Таймс


