26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ақтөбеде арнайы тағайындамадағы әскерилерге қарсылық көрсеткен бес террористің көзі жойылды

9 маусым 2016 Қаралым: 2 348
Ақтөбеде арнайы тағайындамадағы әскерилерге қарсылық көрсеткен бес террористің көзі жойылды

Алматы. 10 маусым. Ақпараттар орталығы. Ақтөбеде арнайы тағайындамадағы әскерилерге қарсылық көрсеткен бес террористің көзі жойылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен. 

ҚР террорға қарсы орталығы Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб күшінің іздестіріліп жатқан қылмыскерлер тобын жойғанын хабарлады. «Жедел-іздестіру шаралары барысында Некрасов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдегі пәтерде террористердің тығылып жатқаны анықталды. ҰҚК мен ІІМ арнайы тағайындама бөлімшелері ол пәтерді қоршауға алды. Қауіпсіздік шараларын жүргізу арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - делінген ҰҚК хабарында. 

Хабарда айтылғандай, келіссөздер жүргізу барысында террористер өз еріктерімен берілуден бас тартып, оқ атқан. Әскерилердің оларды қаруларын тастауға шақырған талпыныстары еш нәтиже бермеген. Нәтижесінде арнайы тағайындама әскерилері пәтерде орналасқан 4 террористің көзін жойды.


Бейбіт тұрғындар мен күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Бір мезетте Мясоедова мен Арынов көшелері қиылысында террористердің сыбайласы полицияның патрульдік экипажына шолақ мылтықтан оқ атып, өзіне қарсы атылған оқтан сол жерде көз жұмды. Екі әскери қызметкер жеңіл жарақат алды..


«Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб жағдайды тұрақтандыру, қалған қызметкерлерді іздестіру, олардың байланысы мен сыбайластарын анықтау шараларын жалғастыруда. Антитеррористк операцияның аяқталғандығы туралы қосымша хабарланатын болады», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.