Әскери бөлімніӊ бұрынғы командирі өзіне қол салды
Алматы облысы Боралдай кентіндегі 55065 әскери бөлімінің бұрынғы командирі полковник Мырзабеков Абай Данабекұлы өзіне өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Оқиға орнында ҚР Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
«Каза тапқан офицер өлер алдында хат қалдырған, оның мазмұны тергеу мүддесінде жарияланбайды. Әскери қызметшінің қаза табу жағдайы туралы ақпарат тергеу іс-шаралары аяқталған соң хабарланатын болады», — делінген хабарламада.