Астана мен Алматыда дүйсенбіде күн ыссы болады
Астана. 19 маусым. Ақпараттар орталығы. Астана мен Алматыда дүйсенбіде күн ыссы болады, деп хабарлады «Қазгдромет» РМК-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел тұрады, ауа температурасы +25+27 градус.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +34 градус.
Дереккөз: КазТАГ


