26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанада бизнесмен «GGG» тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды

14 наурыз 2016 Қаралым: 2 775

Алматы. 15 наурыз. Ақпараттар орталығы. Астаналық бизнесмен«GGG» тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды, деп хабарлады Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің (МКД) баспасөз қызметінен. 
«Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі «Сарыарқа» сауда үйінде орналасқан «PLAY» дүңгіршегінде «GGG» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша В.В. Оспановқа қатысты «GGG» ЖК өкілінің шағымы бойынша қылмыстық іс өндірісін аяқтады», — делінген сейсенбідегі департамент хабарында.
Хабарда түсіндірілгендей, тауар белгісінің иесі «GGG» ЖК басшысы М.Г. Головкин екеніне қарамастан, «PLAY» дүңгіршегінде жеке кәсіпкер В.В. Оспанов «GGG» бренді белгілерімен заңсыз тауар сатқан.
МКД қызметкерлері «GGG» белгілерімен барлығы 44 дана бас киім, 8 дана футболка, 11 саптыаяқ тәркіледі. 
Осылайша, В.В. Оспанов ҚР ҚК 22-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылыққа жол берген. Бизнесмен өз айыбын мойындап, келтірілген шығынды толықтай өтеді.