Астанада кезекті навигация маусымы ашылды
Алматы. 11 мамыр. Ақпараттар орталығы. Астанада Есіл өзенінде Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тәрбиеленушілерінің қатысуымен 2017 жылғы навигацияның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Есіл-Астана» кәсіпорны мамандарының айтуынша, биыл елордада тоғызыншы навигациялық маусым ашылып отыр. Өз қызметінің барысында серуен-экскурсиялық қызметтер жалпы сыйымдылығы 125 адам болатын үш жолаушы кемесімен іске асырылатын, сондай-ақ, 250 ат күшіне тең буксир катер және бір құтқарушы катер болған. Флот құрамында барлығы бес дана техника бар еді. Қазіргі уақытта Астана қаласының өзен флотыне 14 кеме кіреді, соның алтауы жалпы сыйымдылығы 265 адам болатын 6 жолаушылар кемесі және 9 техникалық кеме, соның біреуі өзенді патрульдеуге арналған мотор қайық.
Хабарда айтылғандай, Есіл өзенімен кеме қатынасы Мемлекет басшысы ұсынған бастаманың арқасында мүмкін болды. Ол елорданы дамытудың бас жоспарын түзету барысында Есіл өзенін көліктік мақсаттарда пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынған болатын, дейді шараның ұйымдастырушылары. Осы орайда 2008 жылы «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны құрылып, қажет штаты, қызметі және қызмет көрсетуші қызметкерлері жасақталды. Кәсіпорын қызметі халыққа сервистік-мәдени қызметтер көрсетуге және Есіл өзенінде жол салу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, экскурсиялық-серуен қызметтеріне тарифтер соңғы бірнеше жыл бойы өзгермей келеді және ересек жолаушыларға 1000 тенге, 7-16 жас аралығындағы балаларға 500 теңгені құрайды.
Дереккөз: Официальный сайт Астаны

