26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанадағы мейрамхана алкоголь өнімінің заңсыз өндірісімен айналысқан 

23 марта 2016 Қаралым: 2 080
Астанадағы мейрамхана алкоголь өнімінің заңсыз өндірісімен айналысқан 

Алматы. 24 наурыз. Ақпараттар орталығы. Астанада қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің (МКД) қызметкерлері  жасырын сыра қайнататын орынды анықтаған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, ағымдағы жылдың 18 наурызында Астана қаласында Жұмабаев көшесі 24 мекенжайда орналасқан «SVOY­» мейрамханасында алкоголь өнімінің заңсыз өндірісі мен сатылуы анықталған.

Белгілі болғандай, аталмыш мейрамханада сыраның заңсыз өндірісі жүзеге асырылған, сондай-ақ отандық және импорттық өндірістегі спирттік сусындар заңсыз сақталып, сатылған.    

«Тексеріс нәтижесі бойынша барлық алкоголь өнімі тәркіленді. Заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша департамент ҚР ҚК 214 бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген департамент хабарында.