29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Атыста қаза тапқан полиция қызметкерлерін жерлеу рәсімі ертең болады

19 шілде 2016 Қаралым: 3 284 Оқиға
Атыста қаза тапқан полиция қызметкерлерін жерлеу рәсімі ертең болады

Алматы. 19 шілде. Ақпараттар орталығы. Ертең, 20 шілдеде, Алмалы АІІД мен ҰҚК Департаменті ғимараттарына қарулы шабуыл жасау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін жерлеу рәсімі болады. Бұл туралы Алматы облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлады. 

25 жасар кіші сержант Мақсат Сәлімбаевты жерлеу рәсімі Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында Тұрысжан Ақшалов көшесі №2 үйде өтеді. Сол жерде жерлеу алдында сағат 8:00-де облыс әкімі Амандық Баталов митинг өткізеді.  

Полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясының 2-ші батальонының полицейі,  42 жасар Аян Ғалиевпен қоштасу Балуан Шолақ ат. Спорт сарайында сағат 10:00-де болады. Оны Кеңсай 2 қорымында сағат 11:30-да жерлейді. 

ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны 28 жасар Нұрмұхамедов Бауыржан Мәлікұлын Жамбыл облысы Қордай ауылында жерлейді.   

Сондай-ақ, ертең Алматы облысы Панфилов ауданы Пиджим ауылында аға лейтенант 1993 жылы туған Азамат Әзімжановты жерлеу рәсімі болады. Ол Шекара қызметінің авиациялық техникумында жұмыс істеген. Бұл ақпарды ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.  

Тағы оқыңыз