26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 2015 жылғы 11 қаңтардан күшіне енеді

9 января 2015 Қаралым: 1 165

2015 жылғы 11 қаңтарға дейін қазақстандықтар автокөліктерінің  алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жаңартуы қажет, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 18 қарашада «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізілген.

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына кіргендер: сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон), зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана), зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана), қан тоқтатқыш жгут   (1 дана), бактерицидті лейкопластырь (5 дана), медициналық лейкопластырь   (1 дана), эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден),  зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп), доғал ұшты қайшылар (1 дана).