Балабақша есепшісі бюджеттік қаражатты талан-таражға салғаны үшін сотталды
Ақтөбе қаласының прокуратурасымен Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» мектепке дейінгі білім беру ұйымы» МКҚК-ның қызметінде жүргізілген тексеру барысында бюджеттік қаражатты талан-таражға салу дерегі анықталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, кәсіпорын есепшісі 2012 жылдың мамыр айынан бастап 2014жылдың наурыз айына дейінгі аралықтағы кезеңде ай сайын өзінің жеке есепшотына артық ақша қаражатын аударып отырғандығы анықталды. Есепшотқа аударылған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 12 млн. астам теңгені құрайды.
Ақтөбе қаласының прокурорымен тексеру нәтижелері бойынша, аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену және шығындау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен есепші кінәлі деп танылды және оған дүние мүлкін тәркілеу мен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу арқылы, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.