26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Банктер Қазақстан экономикасын 12 трлн. теңгеге несиелендірген

5 февраля 2015 Қаралым: 867

Банктер тарапынан экономика секторларын несиелендіру көлемі 2014 жылы 7,2% өсіп, 12,106 трлн. теңгені құрады. Олардың 14,8% немесе 1,787 трлн. теңге — шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер, — деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2015 жылдың 1 қаңтарына қарай, Қазақстанның банк секторының жиынтық активтері 2014 жылы 17,9 пайызға өсіп, 18,239 трлн. теңгені құраған. Жалпы банк секторының жиынтық міндеттемелері аталған уақытта 18,7 пайызға, яғни 15,880 трлн. теңгеге дейін артқан.

2015 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақсанның банк секторында 38 банк қызмет атқарады.