«Барыс» «Ак Барстан» ірі есеппен жеңілді
Алматы. 11 қазан. Ақпараттар орталығы - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында өз айдынында қазандық «Ак Барстан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Матчтың бірінші кезеңінде ресейлік ұжым алға шықты. «Ак
Барстың» екі шайбасынан кейін Якоб Берглунд есепті қысқарта алды.
Дегенмен екінші кезеңде қонақтар төрт шайба салды. Бұған елордалық клуб
тек Валерий Ореховтің шайбасымен ғана жауап қата алды. Соңғы кезеңнің
басында Егор Шалапов есепті 3:6 қылғанымен, астаналықтардың одан
әріге шамасы жетпеді. Енді 13 қазанда «Барыс» сырт айдында
«Авангардпен» кездеседі.
Дереккөз: Хабар 24


