Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді
Алматы. 2 маусым - Ақпараттар орталығы - 0 мамырда таңертең жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, Хабар 24 Prosprots.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды
Ол Калифорнияның Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып,
онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты. 12
раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері
жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының
атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті:
Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа 5
маусымға дейін тыйым салынды.
Дереккөз: Хабар 24


