26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Батыс Қазақстан облысында аймақ басшысының орынбасарлары тағайындалды

5 сәуір 2016 Қаралым: 2 231
Алматы. 6 сәуір. Ақпараттар орталығы. БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен, экономика мәселелері бойынша әкімнің орынбасары болып Бибігүл Қонысбаева тағайындалды Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жаңа облыс әкімінің орынбасары 22 жыл бойы қаржы және экономика саласында қызмет етіп келеді. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2015 жылдан бері БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.

«Ал, осы міндетті атқарып келген Нариман Төреғалиев бүгін Орал қаласы әкімі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ішкі саясат пен әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары болып Марат Тоқжанов тағайындалды, ол алғашқы мамандығы бойынша «тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі». Әр жылдары БҚО білім басқармасы мен облыстық ішкі саясат басқармасын басқарған. 2013 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Бақтияр Мәкен Мәжіліс депутаты болып сайланды.