26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

БЖЗҚ мобильді қосымшасын әзірледі және енгізді

16 қаңтар 2015 Қаралым: 2 021

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын «БЖЗҚ» АҚ Android және iOS (iPhone, iPad) операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттер үшін мобильді қосымшасын әзірледі және енгізді. Енді БЖЗҚ салымшылары онлайн режимінде зейнетақы шоттарынын үзінді көшірмелерді қарай алады, — деп хабарлайды фондтың баспасөз қызметі.

Қосымшаны Google Play мен АppStore дан тегін көшіріп алумүмкіндігі бар. Қосымша қазақ және орыс тіліндегі екі толыққанды нұсқаларды қолданады.

Авторизациялану үшін салымшы«БЖЗҚ» АҚ сайтына кіру үшін пайдаланып жүрген логиндер мен парольдер қажет. Сайтта тіркелу үшін қордың кез келген бөлімшесіне бір рет келіп, онда логин мен парольді алуға болады. Мұны өзіңіз келіп істеуіңіз керек, себебі зейнетақы жинақтары туралы ақпараттың құпиялылығы сақталуы тиіс.