26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Бейнелеу өнердегі Орал Тансыкбаевтың мұрасы» атты Орта Азиялық студенттер мен оқытушылар арасындағы халықаралық байқау

4 мамыр 2016 Қаралым: 1 863
Алматының 1000 жылдығына арналған
«Бейнелеу өнердегі Орал Тансыкбаевтың мұрасы» атты
Орта Азиялық студенттер мен оқытушылар арасындағы
халықаралық байқау
(5-8 мамыр 2016 ж.)
 
ЮНЕСКО-ның есте қалу күні шегінде - Алматының 1000 жылдығын тойлау мерекесіне қарсы О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясының колледжі және Алматы қаласының Оқушылар сарайы бірігіп  Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық Клубтар Федерациясының қолдауымен 2016 жылы мамыр айының 6 күні «Бейнелеу өнердегі Орал Таңсыкбаевтың мұрасы» атты Орта Азия студенттері мен оқытушылары арасындағы халықаралық байқаудың салтанатты ашылуы өтеді. 

Бұл іс-шараның басты мақсаты қазіргі Алматы қаласының мәдениетін жас суретшілердің дәстүрлі және қазіргі бейнелеу өнердегі шығармашылық іс-әрекеттері арқылы қолдау және дамыту.

Жобаға қатысуға Орта Азия елдерінің жоғарғы оқу орындарының және колледждерінің студенттері, оқытушылары мен басшылары шақырылды. Конкурсанттар көрермендер мен әділ қазылар назарына Алматы туралы тақырыпта жұмыстарын ұсынады. Олар: Алматының көрікті жерлері, тарихи ескерткіштері мен мәдениеті, қаланың символдары және тарихи оқиғалар туралы туындылар. Кескіндеме, графика, мүсін, гобелен, зергерлік әшекейлер, ағашты нақыштап ою, қыш, көркем әшекей, киіз басу сияқты жанрларда өз шығармашылықтарын көрсете отырып,  көрме, шебер сыныптар, дефиле (сән үлгісі) номинациялары бойынша қатысады.
 
«Бейнелеу өнердегі Орал Тансыкбаевтың мұрасы» атты байқаудан ұйымдастырушылар жас және дарынды суретшілердің ары қарай дамуына өзіндік жаңа ойлар туғызып, жол сілтейді.Бұл іс-шара әдемілікті бағалай білетін қоғамға бейнелеу өнерде жаңа есімдерді танытып, жастарды шығармашылық мереке айналасында өткізілетін мәдени-білім жобаларына қатысуға мүмкіндік береді деп күтеді.
 
Байқаудың өтетін орны мен уақыты:
Алматы қаласы, Оқушылар сарайы (Достық даңғылы, 124 үй). Сағ: 11-00
 
Қосымша ақпараттар үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады:
О.Тансыкбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі
Гаухар Даулетова моб: 87016874366, тел; 8(727) 379 82 26.
е-mail: gauhardauletova @ mail. ru.