Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады
Алматы. 20 шілде. Ақпараттар орталығы. Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн күркіреп, жауын жауады, жел тұрып және тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада ала бұлтты, кейде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +24+26 градус шамасында.
Алматыда да ала бұлтты, күн ашық, 0-5 м/с жел соғады, +31+33 градус.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +22+27; Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жауын жауады, кей жерлерде күн күркіреп, таңертең тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал, +21+26 градс.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +24+29 және +20+25 градус.
Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, осы өңірдегі ауа температурасы +30+35, +32+37 және +33+38 градус болады. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында шаңды боран соңуы ықтимал. Алматы облысында жауын жаумайды, +29+34.
Маңғыстау, Атырау облысында жауын жаумайды, +33+38 және +34+39 градус.
Батыс Қазақастан, Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +29+34 және +28+33
Күндіз Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.
Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.
Дереккөз: КазТАГ


