26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды тұрақсыз ауа райы сақталады

12 шілде 2017 Қаралым: 2 105 Ауа райы
Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды тұрақсыз ауа райы сақталады

Алматы. 13 шілде. Ақпараттар орталығы. Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМ-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада ала бұлтты, кейде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ауа температурасы +19+21 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 2-7 м/с жел соғады, +27+29 градус.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +20, +20 +22 және +20.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынды ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ауа температурасы сәйкесінше, +18+23 және +20+25.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді, кей жерлерде 15-20 м/с, сәйкесінше, +25+30, +28+33 және +28+33; Жамбыл және Қызылорда облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының аймақтарында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +25+30.

Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жаңбыр, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +25+30 және +20+25. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтілмейді, 9-14 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +25+30 және +22+27.

Күндіз Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз