Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Алматы.15 маусым. Ақпараттар орталығы. Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, екпінді жел күтіледі, тұман, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, +30+32.
Алматыда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 10 м/с болады, +28+30.
Ақмола және Қостанай облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, сәйкесінше, +28+33 және +25+29; Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында күндіз күн ашық, сәйкесінше, 28+33 және +30+35. Павлодар облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.
Қарағанды облысының аумағында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +27+32. Шығыс Қазақстан облысында күн ашық, +28+33. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетеді, +28+33, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында күн ашық, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +28+33 және +30+35. Кей жерлерде төтенше өрт қауіптіігі сақталады. Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +28+33.
Маңғыстау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +27+32. Атырау облысында да жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +26+31. Батыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +20+25. Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, +27+32.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады.
Дереккөз: КазТАГ


