26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Бигелдинов көшесі мен Алаш тас жолы 10 тамызға дейін жартылай жабылды

4 августа 2020 Қаралым: 2 320
Бигелдинов көшесі мен Алаш тас жолы 10 тамызға дейін жартылай жабылды

Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 4-10 тамыз аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Сонымен қатар 4-10 тамыз аралығында Алаш тас жолындағы көпірден Жолымбет көшесіне дейін көлік қозғалысын жартылай жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Дереккөз: УВП г. Нур-Султан