Биыл жазда Астана — Сеул маршруты бойынша жаңа авиарейс ашылады
Бұл Оңтүстік Кореяның астанасындағы «Эйр Астана» және «Asiana Airlines», сонымен бірге «Korean Air», «Jin Air» авиакомпаниялары және «Incheon International Airport Corporation (IIAC)» әуежайы өкілдерінің қатысуымен өткен келіссөздер барысында шешілді, деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрлігі (ИДМ).
Келіссөз барысында Қазақстан тарапы екі ел арасындағы тасымал көлемін 35% арттыруды ұсынды. Қорытындысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Ол бойынша екі ел арасындағы рейстер санын көбейту көзделген.
Қазіргі уақытта «Эйр Астана» авиакомпаниясы апталық жиілігі 3 рейстен Алматы — Сеул — Алматы бағытында ұшулар, ал «Азиана Эйрлайнз» Сеул – Алматы — Сеул бағыты бойынша жиілігі аптасына 2 рейстен ұшулар атқаруда.