26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Биыл нағыз достықты, келісім мен тұрақтылықты атап өтетін жыл!

22 января 2015 Қаралым: 1 590

2015 жыл — елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.

«Еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылатын үш жүзден астам іс-шараның мәні мен мағынасы бір болмақ. Ол барша халқымыздың игі ниетін айғақтайтын ұлтаралық келісімді қолдау және нығайту», — деп мәлімдеді Қазақстандық мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығының сарапшысы Ева Акрачкова.

Оның айтуынша, биыл мерейтой аясында Астанада арнайы форум өткізу жоспарланған. Келелі басқосуда аумалы-төкпелі әлемдік жағдайлар ескерілген аса маңызды мәселелер қозғалады. Қазір сын тезінен біріншіден, ұлтаралық қарым-қатынастар өтетіні аян. Сондықтан тұрақтылық пен келісімді сақтауда жаңа леп беретін бастамалар, еліміздің қауіпсіздігі, тілдердің дамуы мен қазақстанның жалпыхалықтық идеясы жан-жақты талқыланады.

«Атап өтетін жайт, еліміздегі қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған институттың әлемде баламасы жоқ. Дамушы елдердің өзі бізден осы тұста үлгі ала бастады», — дейді Ева Акрачкова.

Оның ойынша, түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін арнайы ошақ, бірегей модель бүкіл әлемге қажет-ақ. Экстремистік пиғылдағы оқиғаларды бастан кешкен әлем елдері қазіргі таңда ұлтаралық келісімді сақтауға мүдделі. Қазақстан болса,  этносаралық қарым-қатынастарға қатысты мол тәжірибені жинақтады. Енді баршамыздың алдымызда тұрған мақсат сол тәжірибені нығайтумен қатар,  этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық бірегей моделін одан әрі насихаттау.