26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Биыл республикада 42 млрд астам текше метр газ өндірілмек

23 ақпан 2015 Қаралым: 934

Бұл жөнінде бүгін Астанада болған брифингте ҚР энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.

«2015 жылы белгіленген дәлізде мұнайды тұрақты өндіру кезінде жоспарлы газ өндіру 42,2 млрд текше метрді құрайды», — деді В. Школьник.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 7 млн қазақстандық, яғни 1150 елді мекен газбен қамтылған. Осы жылы «Қазақстан-Қытай» газ құбырының үшінші желісін пайдалануға беру жоспарланғанын, газ тасымалдау мүмкіндігін қазіргі 30 млрд текше метрден 55 млрд текше метрге дейін арттырады.

«2014 жылы елді газдандыру кестесі қабылданған болатын, ол бойынша 2030 жылға қарсы газбен қамту 56% жетеді, яғни 1,6 мың елді мекен газбен қамтылады, тұтынатын газ көлемі қазіргі 11 млрд текше метрден 18 млрд текше метрге дейін артады», — деді В. Школьник.