«Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарында 8 мыңға жуық қазақстандық білім алған
Бұл туралы Астанада «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандар форумында ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
«Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 мыңға жуық қазақстандық білім алды. Олардың көп бөлігі мемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда және шағын және орта бизнесте қызмет етеді», — деді Б. Сапарбаев.
Оның айтуынша, бағдарлама өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеген.