26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Даму» қоры қолдаған кәсіпорындар 2 трлн теңгенің өнімін шығарды 

18 мамыр 2016 Қаралым: 2 062
«Даму» қоры қолдаған кәсіпорындар 2 трлн теңгенің өнімін шығарды 
Алматы. 18 мамыр. Ақпараттар орталығы. 2015 жылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры қолдаған кәсіпорындар 2 трлн астам теңгенің өнімін шығарған, деп хабарлады қор басқармасының төрағасы Қаныш Төлеушин.

Қор басшысы тек 2015 жылы ғана «Даму» қоры қолдаған кәсіпорындар шығарған өнімнің 2,1 трлн теңгені құрағанын атап өтті. 

«Егер салыстырып қарар болсақ, онда бұл Маңғыстау мен Алматы секілді облыстардың жалпы өңірлік өнімі, яғни бұл өте жақсы көрсеткіш. 2015 жылы «Даму» қорының қолдауына ие болған кәсіпорындардан түскен салық түсімдерінің сомасы 160 млрд теңгені құрады. Егер мұны да салыстырып қарар болсақ, бұл шамамен Қызылорданың немесе Маңғыстау облысының бюджеті», - деді Қ. Төлеушин.

Оның айтуынша, өткен жылы қордың арқасында 25 мың жұмыс орнын сақтап қалу мүмкін болған.

Ағымдағы жылы «Даму» қоры 80 млрд теңгеге жуық сома көлемінде бизнеске қолдау көрсеткен.

«Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық емес қолдауын қарастырғанда, бұл жерде айта кетейін дегенім, бізде 16 филиал және 18 кәсіпкердерді қабылдау орталығы бар. Жалпы, 2016 жылдың осы кезеңдеріндегі көрсеткіші бойынша барлық бағыттар бойынша 50 пайыз өскендігін көрсетеді», - деді мемқор басшысы.