26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын тұрады

17 ақпан 2017 Қаралым: 1 981 Ауа райы
rosbalt.ru
Фото: rosbalt.ru

Алматы. 17 ақпан. Ақпараттар орталығы. Демалыс күндері қар, бұрқасын және температура төмендейді деп күтілуде, делінген «Қазгидромет» РМК-ның 18-20 ақпанға жасаған болжамында.   

"Оңтүстік-каспийлік циклон мен онымен байланысты ауа ағымы Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Осы циклонның ықпалынан елдің басым аумағында қар жауып, оңтүстікте жауын жауып, кей жерлерінде нөсерлете жауады", — деп атап өтті синоптиктер.

Бұл ретте батыс облыстардың үстінде арктикалық жүйеден ығысқан тағы біп циклон орналасады. Ол Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа ығысу барысында ел аумағында қар жауып, бұрқасындатып, ауа температурасы суытып, 15-20 м/с жел соғады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде демалыс күндері атмосфералық суық ауа ағысының өтуімен күшті жауын-шашын, негізінен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады.

Тағы оқыңыз