Денсаулық сақтау министрлігі: 2015 жылы Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық деңгейі 13 есе өсті
Ағымдағы жылдың 3 айында қызылшамен сырқаттанушылықтың 1121 жағдайы тіркелген, ал 2014 жылы 84 жағдай, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, соңғы 3 жылда қызылшамен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайының өршуі бүкіл әлемде байқалады. Яғни, Батыс Еуропада қызылшаның 100 мыңнан аса жағдайы, ТМД елдерінде (Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғыстан) – 14 мыңнан аса жағдай тіркелген.
2015 жылғы 15 қаңтарда ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 15 тен 19 жасқа дейінгі жастарды қызылшаға қарсы қосымша иммундауды жүргізу туралы шешім қабылданған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті (ТҚҚК) қызылшаға қарсы сатып алынған моновакцинаның көлемін, қажеттілігін, техникалық сипаттамасын анықтаған.
Иммундау кезінде республиканың 5 облысынан қызылшаға қарсы егуден кейін жасөспірімдерден 396 өтініш тіркелген: Атыраудан – 26 жағдай, Қарағандыдан – 32, Жамбылдан – 2, Оңтүстік Қазақстаннан – 12, Маңғыстаудан – 324 жасөспірім, оның ішінде 264-і ауруханаға жатқызылған, қазіргі уақытта 264-і емделіп шықты.
Ағымдағы жылғы 19 ақпанда ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қызылшаға қарсы қосымша иммундауды жүргізу тоқтатылған және ағымдағы жылғы 2-ші наурызда тоқтату 2015 жылғы мамырдың 4-не дейін ұзартылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қаралғандардың арасында көп жағдайда эмоционалды жағдайына жататын симптомдарымен белгілері анықталған, бұл аурулардың Халықаралық сыныптамасында «Күйгелектік», «Мазасыздану және қозғыштық» болып сыныпталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары диагноздардың дұрыстығын және жасөспірімдердің ауруханада ары қарай болуының қажетсіздігін дәлелдеген. Көрсетілген белгілердің себебі болып егудің өзі емес, егу үрдісі болып отыр.
Қазақстанда қосымша иммундаудың соңғы кампаниясы 10 жыл бұрын жүргізілген, бұл республикада қызылшамен сырқаттанушылықтың 16 мыңнан 13 жағдайға дейін немесе 100 есеге дейін жіті төмендеуіне алып келген.