26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2016 жылы 6,9 мың долларға бағалануда

25 февраля 2016 Қаралым: 2 146
Алматы. 25 ақпан. Ақпараттар орталығы. Болжамға сәйкес 2016 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 6,9 мың долларды құрайды, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасаған премьер-министрдің баспасөз қызметінен. 
«2016 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 6,9 мың АҚШ долларына болжанады. Бұл негізінен доллардың теңгеге қатысты бағамның өзгерісіне қарай есептеліп отыр», — деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, мұнай мен металдар бағасының жаңартылған сценарийлерін, сондай-ақ экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша дағдарысқа қарсы жоспарланған қосымша шұғыл шараларды ескергенде ЖІӨ өсімі 2016 жылы 0,5%-ды құрайды.
Оған қоса, 2016 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,5 пайыздық деңгейге өсетіні болжанады. 2016 жылы елімізде мұнай өндіру 74 млн тоннаны құрайтын болады.
«Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы инфляция 6,0-8,0% дәлізінде болжанады. Бұл бұған дейінгі бекітілген көрсеткішке сай келеді», — деп атап өтті министр.
Болжанған ЖІӨ өсімін ескергенде республикалық бюджет кірістері 2016 жылы 3,3 трлн теңгеден астам көлемде бағалануда.