26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жас мамандармен жасалатын еңбек келісім-шарты мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады

19 қаңтар 2015 Қаралым: 1 185

ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевтың айтуынша, еңбек келісім-шарттарының мерзімін ұзарту «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы аясында қарастырылған.

Аталған уақыт мерзімі жас маманға бейімделу үшін және жұмыста белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажет, сол арқылы оның еңбек қызметі бағаланады.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасына еріктілер қозғалысы қызметін заңды түрде бекіту күтілуде.

Заң жобасы мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасайтын жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін құру мақсатында дайындалған.