Жолаушыларға көмек
2015 жылдың қаңтар айының 27-і күні 20 сағат 20 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілігіне Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен Қызылорда – Жалағаш жол бойында «Туберкулезге қарсы ауруханасының» маңында автобус жүргізушісі көмек сұрағаны жөнінде хабар түсті, деп хабарлайды «ОӨАЖҚЖ» ММ
Жасақ құтқарушылары төтенше жағдай орнына жетіп, анықтау барысында ауа райының суытуына байланысты дизель отыны қоюланып қалған және 12 жолаушысы бар екендігін көрді. Барлық жолаушылар Қызылорда қаласына эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмектің қажеті болмады.