26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жұма күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады

22 маусым 2017 Қаралым: 2 268 Ауа райы
Жұма күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады

Алматы. 23 маусым. Ақпараттар орталығы. Жұма күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада құбылмалы бұлтты, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +27+29 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, 0-5 м/с жел соғады, +33+35 градус.

Ақмола, Павлодар, Қостанай облысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +27+32, +26+31 және +25+30; күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең тұсан түсіп, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 24+29 градус.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +26+31 және +30+35; Шығыс Қазақстанда бұршақ жаууы ықтимал, +27+32 градус.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +35+40, +33+38 және +30+35; Жамбыл және Оңтүстік Қазақстандағы желдің жылдамдығының екіпіні сәйкесінше, 23-28 м/с және 23 м/с болады, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +33+38.

Маңғыстау, Атырау облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және +27+32 градус. Батыс Қзақастан облысында жауын күтілмейді, +20+25. Ақтөбе облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, +22+27.

Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Отүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз