26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жүргіншілер көп жүретін жерде дрифтинг жасаған BMW жүргізушісі ұсталды

11 тамыз 2020 Қаралым: 1 120 Қылмыс
Жүргіншілер көп жүретін жерде дрифтинг жасаған BMW жүргізушісі ұсталды

Алматы. Тамыз 11. Ақпараттар орталығы - ​Алматыда жолаушылар көп жүретін жерде дрифтинг жасаған “BMW” жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оның заңсыз әрекеттері әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықталды. Дереу тексеру ұйымдастырылды.

– Құқық бұзушы ұсталды. Бұл – 1994 жылы туған І.есімді азамат. Ол біздің бөлімге жеткізілді, онда бірден екі бап бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды: ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 2-бөлімі және 590-бабы 7-бөлімі. Бұл көліктің заңсыз түрлендірілгені, тікелей ағынды өшіргіш орнатылғандығы белгілі болды. І.мырза толығымен өз кінәсімен келісті, ол көңілді көтеру үшін дрифтинг жасағанын айтты. Сонымен қатар, онымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жол ережесін қатаң сақтауды, басқа жол пайдаланушыларға қауіп төндірмеуді талап еттік, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.




Дереккөз: Polisia.kz

Тағы оқыңыз