26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жыл сайын Қазақстанда кепілді медициналық көмек көлеміне 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді  

19 маусым 2016 Қаралым: 1 614
Жыл сайын Қазақстанда кепілді медициналық көмек көлеміне 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді  
Алматы. 20 маусым. Ақпараттар орталығы.  Жыл сайын Қазақстанда кепілді медициналық көмек көлеміне 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді, деп хабарлады «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ төрағасы  Абай Байгенжин онлайн-конференция барысында.  
 

«Бірден айтып қояйын, бүгінде ҚР кепілді медициналық көмек көлеміне жыл сайын 700 млрд теңге жұмсалады. Ал енді сол, 700 млрд теңге ешқайда кетпейді. Тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін осы 700 млрд теңгеге кем дегенде 350 млрд теңгеге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын жинау мүмкіндігі туады, олар әлбетте медицина қызметінің сапасын арттыруға жұмсалады» - деді   А. Байгенжин.
 
Оның айтуынша, бүгінде республика денсаулық саласына ішкі жалпы өнімнің 3,5 пайызын жұмсап отыр.  
Қазақстанда 2017 жылдан бастап міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң күшіне енеді.  

фото: vechastana.kz