26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ЕАЭО елдерінің сарапшылары Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын талқылады

7 апреля 2015 Қаралым: 1 016

Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Қазақстан, Ресей және Беларусь өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды министрлік.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одағы елдері еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын пысықтау мәселелері қаралған.

Келіссөз барысында тараптардың Келісім жобасына ескертулер мен ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ЕАЭО қатысушы елдердің азаматтары үшін ақысыз негізде медициналық-әлеуметтік сараптама (күәландыру және қайта күәландыру) жүргізу және Еуразиялық экономикалық одағының біріктірілген ақпараттық жүйесінің қатысушы елдерінің ақпараттық сегментінде бірыңғай ақпараттық ресурсты әзірлеу мәселелері талқыланған.