Екі қазақстандық Кабулдағы жарылыстан зардап шекті
Алматы. 31 мамыр. Ақпараттар орталығы. Екі қазақстандық бүгін Кабулдың орталығында болған жарылыстан зардап шекті. Біл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР сыртқы істер мнистрлігі баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов хабарлады.
Жарылыс кезінде қазақстандықтар жарылыс болған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан қонақ үйде болған.
«1982 жылы дүниеге келген олардың бірінің басын, ал 1991 жылы дүниеге келген екіншісінің аяғын терезе әйнегінің сынықтары жарақаттаған. Оларға медициналық көмек көрсетті және қазір қауіпсіз жерде. Екі азаматпен де қазақстандық дипломаттар тұрақты байланысқа шығып, қажетті көмек беруде», - деп жазған А.Жайнаков.
Сонымен қатар, жарылыс салдарынан Қазақстанның Кабулдағы Елшілігіне де зақым келіп, терезелері сынған. Жарылыс Елшіліктен 1,5-2 шақырым жерде болған. Ғимараттың әйнектері сынған.
СІМ өкілінің ақпарынша, қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар жарылыстан зардап шеккен Қазақстанның басқа да азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Ал қала жабық.

Ауғанстан астанасында жүрген барлық отандастарымызға қалада қауіпсіздік шараларын сақтауды, өздерінің жағдайларын туыстарына ескертіп, қажет болған жағдайда Ауғанстандағы Қазақсанның консулымен мына «қауырт желі» телефон нөмірімен +93-747- 250-343 (WhatsApp) хабарласуды өтінеді.
Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, бүгін жергілікті уақыт сағат 8.30-да шетелдік елшілік пен президент сарайынан қашық емес жерде Кабулдың орталық бөлігінде мина қойлыған көлік жарылды. Соңғы ақпар бойынша 90 адам қаза тапқан, жараланғандар саны 380-нен асты. Қаланың орталық алаңын полицейлер қоршауға алды.
Әзірге ешкім жарылыс үшін өзіне жауапкершілік алмады.


