26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Елімізде демалыс күндеріндегі шектеу шаралары сақталады

14 августа 2020 Қаралым: 6 068 Социум
Елімізде демалыс күндеріндегі шектеу шаралары сақталады

Алматы. Тамыз 14. Ақпараттар орталығы -17 тамыздан бастап елдегі карантин тәртібі жеңілдей бастайды, деп хабарлайды «Хабар».

Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады. Мәселен, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданады. Оның ішінде бутиктер, сауда желілері, жабық базарлар бар. Бірақ ондағы адам саны жалпы сыйымдылықтың 30%-інен аспауға тиіс. Тізімде сұлулық салондары мен шаштараз, SPA мен косметологиялық қызмет орталықтары бар. Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары жұмыс істейді. Ашық ауадағы аттракциондарға да рұқсат. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80%-і үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады. Ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат бар. Бірақ 5 адамнан аспау керек. Қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекциялануы тиіс. Салтанатты және бұқаралық шаралар әлі де өткізілмейді. Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндеріндегі шектеу шаралары сақталады.

Дереккөз: Хабар 24

Тағы оқыңыз