Евро-Азия Эйр Ми-8Т тікұшағы апатынан қаза болғанның жұбайына 2 млн. тенге төлейді
Алатау аудандық сотында талапкер Сабирова Г.M. «Авиакомпания «ЕВРО-АЗИЯ ЭЙР» АҚ-ның атынан басқарма төрағасы А. Джанжаркеновтан асыраушысының қайтыс болуына байланысты моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі өндірісімен аяқталғаны жөнінде хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот мәжілісінде нақты анықталғандай, Ми-8Т құлдырауы — Алматы облысының Алакөл ауданында 2012 жылғы 24 қарашада әуе-көлік оқиғасы болып, Ми-8Т тікұшағының құлдырауы орын алған. Нәтижесінде, әуе-көлік оқиғасының салдарынан8 адамқайтыс болып, соның ішіндеталапқоюшының жұбайы Сабиров К.Н. да өлген.
1 тамыз 2013 жылғы Ми-8Т тікұшағынының апат себептерін тексеру қорытынды есебінде, апатқа ұшыраған МИ-8Т тікұшағынының құлауына үш себепке байланысты болғандығы көрсетілген.
5 қыркүйек 2013 жылғы «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нде жасақталып, осы ЖШС-нің бас директоры И.Го қол қойылған өндірістегі апат жайлы №1 актісінде, «Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ-на тиесілі МИ-8Т тікұшағының құлдырауы болып, қорытындысында талапкердің жұбайы Сабиров К.Н. да қайтыс болғандығы расталған.
«Аудандық соттың шешімімен талап арыз жартылай қанағаттандырылды: жауапкерден Сабирова Г.М. пайдасына 2 млн. теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.