26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Импорт Қазақстанның ауыл шаруашылық туарын тұншықтыруда – АШМ басшысы

28 сәуір 2016 Қаралым: 2 462
Импорт Қазақстанның ауыл шаруашылық туарын тұншықтыруда – АШМ басшысы
Алматы. 29 сәуір. Ақпараттар орталығы. Шетелде өндірілген бұрмаланған ауыл шаруашылығы өнімдері табиғи өнім өндіретін қазақстандық өндірушілерге тең жағдайда бәсекелесуге мүмкіндік бермей отыр, деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

«Ашық шекара жағдайындағы Қазақстанның барлық артықшылығына қарамастан, ЕАЭО мен ДСҰ аясында біз бұрмаланған немесе шетелдік контарфакты өнімдерінің баршылығын байқап отырмыз, бұл табиғи өнім өндіретін отандық өндірушілерге тең жағдайда бәсекелесуге мүмкіндік бермейді», - деді А. Мамытбеков ҚР Сенатындағы парламенттік тыңдауда.

«Сары май деп спредтер, сүт деп сүт өнімдері, ет деп соядан жасалған өнімдер сатылуда, бұл өнімдер қазақстандықтардың денсаулығына тікелей зиян келтіруде», - деп мәлімдеді Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі.