26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Индустрияландыру картасы аясында Астанада 22 жоба жүзеге асқан

28 қаңтар 2015 Қаралым: 1 071

Астана қ. әкімдігінде елорданың ҚР Инвестиция және даму министрлігімен байланысын дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Астана әкімінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай Индустрияландыру картасы аясында 167,8 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асқан. Оларда 3 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

Анықтама үшін: 2010-2014 жылдар аралығында өндірілген өнім көлемі 157, 8  млрд. теңгені құрады. 2014 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған жобаларда 90 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 1,6 есеге артық. Қайта өңдеу саласында 270,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Мұндағы өсім 2013 жылғы көрсеткіштен 41, 5 млрд. теңгеге артық.

2010-2014 жылдардағы «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» Мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығы бойынша нәтижелер Астана қаласы үшін тұтастай алғанда жайлы болды.

«Ендігі кезекте біздің жоспарларымыз мемлекеттік инвестициялау көлемін азайтып,  елорданың экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған жеке инвестициялар тартуды ұлғайтуға бағытталып отыр. Бұл елордадағы экономикалық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Осы орайда Инвестиция және даму министрлігі тарапынан толық қолдау көреміз дегенге сеніміміз мол, — деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Кездесу қорытындысы бойынша, Ә. Жақсыбеков пен Ә. Исекешев елорда тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған ортақ жобалар әзірлеуге уағдалысып, бұдан арғы ықпалдастықтың бағытын анықтады, — деп мәлімдеді Астана қ. әкімінің баспасөз қызметі.