Ирандағы көмір өндіретін шахтадағы жарылыс салдарынан 35 адам қаза болды
Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. Иранның Голестан провинциясындағы көмір шахтасындағы жарылыстан кем дегенде 35 адам қаза болып, 30-дай адам жарақаттанды, деп хабарлады Reuters.
Иранның солтүстік-шығысындағы Голестан провинциясындағы Азадшахр қаласының маңындағы «Заместане Юрт» көмір шахтасында сәрсенбі күні қатты жарылыс орын алды. 1,8 мың метр тереңдікте ондаған шахтерлер қалып қойды.
Оқиға орнында ауқымды құтқару операциясы басталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс себебі метан газының тым артық жиналып қалуы болды.
Дереккөз: Reuters


