26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Канадалық инвесторлар Оңтүстік Қазақстанда ауруханалар салуға дайын

6 ақпан 2015 Қаралым: 1 007

Бұл жөнінде Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (РДСДО) өкілдерімен кездесуде канадалық «InterHealth Canada» компанияның басқарма мүшесі Эмад әл-Сукер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі.

Канадалықтардың есебінше, Оңтүстік Қазақстанда медициналық қызметтерге сұраныс жоғары болып отыр және ол арта түседі. Емдеу мекемесінің құрылысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде салу жоспарланған. Құрылыстың басталу мерзімі мен инвестиция көлемі әзірге жарияланған жоқ. Сондай-ақ, кейбір ауруханаларды сенімді басқаруға беру мүмкіндігін қарастырылуда.

«Нысанды сенімді басқаруға берерден бұрын жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, ауруханалар мен емханалардың қандай жағдайда екенін зерттейміз. Шамамен бір жыл ішінде нысандарды инвесторларға беру мәселесі шешілуі тиіс», — деді РДСДО Инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Олжас Сәкенов.

Ауруханаларды басқаруды жекеменшік инвесторларға берген жағдайда тегін қызметтер көрсету көлемі толық сақталады.