26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Каспийде 15 суға батқан кеме көтеріледі

2 февраля 2015 Қаралым: 1 246

Каспий теңізінің қазақстандық секторында және Жайық өзенінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ су айдындарының экожүйесін қорғау мақсатында ҚР Үкіметі Жайық-Каспий бассейнін суға батқан кемелерден тазарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігі (ИДМ).

ҚР Қорғаныс министрлігі және Атырау және Орал қалаларының республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындары ұсынған деректеріне сәйкес Жайық-Каспий бассейнінде 20 координат бойынша зерттеу жүргізілді және 15 суға батқан мүліктің көтеру және көтеру құны анықталды.

Қазір ИДМ ҚР Энергетика министрлігіне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін суға батқан кемелерді көтеру жөніндегі жобалық құжаттамаға оның қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі ілеспе материалдарды жолдады.