26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Каспийде шекара бұзушылар ұсталды

26 февраля 2015 Қаралым: 1 042

Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңізшілері Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген Әзірбайжан мемлекетінің 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Қаскерлер үлкен жылдамдықты «Сақшы» шекара кемесінен қашып құтыла алмады. Оған қоса, төбеден «МИ-28» тікұшағы да көмекке жетіп үлгерген.

Үш бірдей қозғалтқышы бар «Байда» деп аталатын жасанды қайық мінген әзірбайжандықтар еріксіз қолдарын көтеріп, шекарашыларға берілді.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Шекара бұзушылар заң бойынша тиісті жазасын алатын болады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.