26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Кендірлі шипажайын дамытуға неміс инвесторы $1 млрд дейін салуға ниетті

28 желтоқсан 2016 Қаралым: 2 335 Экономика,  Туризм
turistu.kz
Фото: turistu.kz

Алматы. 28 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Неміс инвесторы Маңғыстаудағы Кендірлі шипажайын дамытуға $1 млрд дейін салуға ниетті, деп хабарлады «Kaznex Invest» АҚ басқармасының төрағасы Борисбий Жангуразовқа сілтеме жасаған ҚазТАГ.

"Иә, шындығында бұл өте қызық жоба - Кендірлі шипажайының құрылысы. Қазір неміс инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде. Сома 1 млрд долларға дейін құрайтын болады. Бірақ ол кезең-кезеңімен игерілетін болады, сондықтан негізі бұл жобаны жүзеге асыруға болады, және инвестор өз елінде де осыған ұқсас жобаларды жүзеге асырған. Егер келіссөздер жемісті аяқталса, онда бұл жоба жүзеге асырылады деп есептеуге болады», - деді Б. Жангуразов сәрсенбіде қоғамдық дәріс кезінде..

Ұлттық банктің алдын-ала болжамы бойынша осы жылдың 9 айында Қазақстан $14,5 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартқан.

«Бұған ұқсас көрсеткіш тек 2008 жылы болды, ол кезде 9 айда біз 14 млрд доллар тарттық. Егер бұл қарқын жалғасса, онда біз барынша үлкен санға шыға аламыз. Біз ауыр болған 2014-15 жылдардан кейін тікелей шетелдік инвестиция қайта қалпына келтіріліп жатыр», - деді Б. Жангуразов.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз